
«Өмірлік жолда-спорттық адыммен»
Мектебімізде «Өмірлік жолда-спорттық адыммен» атты денешынықтыру онкүндігінің ашылуы және денсаулық күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс –шараға мектеп оқушылары,сынып жетекшілер және пән мұғалімдері ат салысты.
Мектебімізде «Өмірлік жолда-спорттық адыммен» атты денешынықтыру онкүндігінің ашылуы және денсаулық күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс –шараға мектеп оқушылары,сынып жетекшілер және пән мұғалімдері ат салысты.
![]() |
Жарыстың ашылуына мектеп директоры Ұлбосын Бекмырзақызы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
![]() |
Идилов Алдияр жарыстың ашылу салтанатына мерекелік ән шашуын сыйлады. 6 «г» сынып қыздары флешмоб ұйымдастырып, Мұрат Ақерке көркем гимнастика биін мың бұралып билеп, өз өнерлерін көрсетті.
![]() |
5-6 сынып оқушылары арасында
«Халық добы» ұлттық ойын өткізілді.
Оқушылар белсенді ат салысып
мықты екендіктерін көрсетті.
1 орын 6 «Г»
2 орын 6 «В»
3 орын 6 «Б» жеңіп алды.
![]() |
7-8 сынып оқушылары арасында
Волейбол ойыны өткізілді.
1 орын 8 «Ә»
2 орын 7 «Г»
3 орын 7 «Б» жеңіп алды.
![]() |
Аскатов Фархат, Сағынтаев Ерсін, Құдайбергенов Үмітәлі секілді оқушылар Үздік ойын көрсетті.
9-11 сынып оқушылары арасында Футбол ойыны өткізілді.
1 орын 11 «Ә»
2 орын 9 «Б»
3 орын 8 «Б» жеңіп алды.
![]() |
Мұғалімдердің арасында жас айырмашылығына байланысты Кросс жүргізілді. Мұғалімдер белсенді түрде ат салысты. 20-30 жас айырмашылығы арасында 1 орынды жеңіп алған ағылшын пәні мұғалімі Төребекова Айдана, 2 орынды биология пәні мұғалімі Қайыркен Фариза , 3 орынды математика мұғалімі Насен Гүлжаз иемденді.
![]() |
![]() |
30-40 жас арасында 1 орынды информатика пәні мұғалімі Аубакирова Гүлдана, 2 орынды қазақ тілі мұғалімі Уктаева Маржанай, 3 орынды Гүлзира Мұратқызы жеңіп алды.
40-тан жоғары кросста 1 орынды Гулайым Амирзадановна мен Өкей Маржанкүл, 2 орынды Гүлімжан Тұтқабайқызы, Баян Рақымжанқызы еншіледі.
![]() |
«Спорт – денсаулық кепілі» оқушыларды спортпен айналысуға шақыруымыз керек. Спортпен шұғылданған әрбір бала болашақта денсаулығы мықты азамат болып өсетініне сенейік.