Меню KDT

1 қыркүйек – Білім күні.

«1 қыркүйек – Білім күні, оқудың алғашқы күні және Патриотизм күні» деп бала жадында жатталуын,  Отанға, мектебіне, ұстаздарына  деген махаббатты бала жүрегінде ұялату, азаматтық-патриоттық  сезімді ояту мақсатында жиын болып өтті.


«1 қыркүйек-Білім күніне» орай өтілетін мектеп алдындағы жиыннан соң, алғашқы тәрбие сағатында «Қазақ хандығының 550 жылдығы»  - Тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен елдіктің мерекесі»  атты тақырыпта сынып жетекшілер оқушылармен Отанға деген сүйіспеншілікті тиек етіп,Сынып сағаты барысында «Қазақ хандығы: құрылуы, негізін салушылар» атты баяндама оқылып берілді. Баяндамада хандықтың құрылу кезеңі, оның негізін салушылар және  құрылған хандықтың алғашқы кезеңіндегі ауыр жағдайларға қарсы тұрып,  халық өсімінің негіздері қаланып, тұрғылықты аумақты кеңейту шаралары, шаруашылық-мәдени өмір нығайтылғандығы жайы айтылды. «Қазақ» деп атаған қауымдыстықтың    тарихи аренада пайда болуы, Қазақ хандығының құрылуымен Қазақстанның жеке тарихы басталғандығы жайынан оқушылар мәлімет алды. Сынып сағаты топтық жұмыстармен жалғасып,  оқушылар постер арқылы, өздерінің Қазақ хандығы жайында, оның  құрылымы, қай жерде, қашан құрылғаны, шакарасы, оның негізін салушылар туралы білетіндерін ортаға салды. Сынып сағаты онан кейін «Иә-жоқ» сайысымен жалғасып, эссе арқылы қорытындыланды.

 Мектебіміздің бірінші қабатында арнайы тақтаға «Қазақ хандығының 550 жылдығына»  көрме ұйымдастырылды.

 


Комментариев нет
Просмотров: 377
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.09.2015 в 00:00