
Абай оқуларынан жүлдемен оралды!
Қыркүйек айының 8-11 күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауылында XVI республикалық Абай оқулары өтті. Осы өнер бәйгесінде мектебіміздің 6-сынып оқушысы Әдетхан Ринат «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша жүлделі ІІІ орын алып Астана қаласының абыройын асқақтатып келді.
Қыркүйек айының 8-11 күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауылында XVI республикалық Абай оқулары өтті. Оқушылар үш бөлім бойынша сынға түсті: «Қайратты туған ер еді...» жыршылар жарысы, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу байқауы және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» ақындар мүшайрасы. Осы өнер бәйгесінде мектебіміздің 6-сынып оқушысы Әдетхан Ринат «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша жүлделі ІІІ орын алып Астана қаласының абыройын асқақтатып келді. Өрелі баланың өнерін ашып, байқауға баптаған ұстазы Жұмашева Рабиға Айтбайқызына алғысымыз зор. Ринаттың бұдан да биік шыңдарды бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!