
ХХІ ғасыр көшбасшысы
17-қыркүйекте 6,7- сыныптар арасында мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді.
17-қыркүйекте 6,7- сыныптар арасында мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді.
Іс-шара тілдер фестивалі аясында мемлекеттік тілді құрметтеу және үйрету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Күленова Жанар Хасенқызы мен Жақиянова Роза Әлібекқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Сайыс 4 кезеңнен құрылған: бәйге, полиглот, дода және жорға.
Ойын барысында оқушылар сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдердегі көп нүкте орнына сөзді тауып қойып, орыс және ағылшын тіліндегі аудармасын айтты, алуан тақырыптарға сұрақтар құрастырды. Сайыста сонымен қатар түрлі ұлттардың әндері, өлеңдері, билері жарасымды үйлес тапты. Сайыс қорытындысы бойыншабарлық қатысушылар грамотамен марапталып, ерекше белсенділік танытқаны үшін келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
Тасбауова Даяна – 7 «Г» сынып – І орын
Мавланова Лаура – 7 «Б» сынып – ІІ орын
Тогузбаева Алия – 6 «А» сынып – ІІІ орын
Алтухова Александра – 6 «Б» сынып- ІІІ орын