
Ерлік сабағы
7 сынып оқушылары арасында «Ерлік» сабағы өткізілді. Сабаққа Әскери-теңіз күштер штабының әскер жетекшісі Урдабаев Айдаулет Жаркылкасымович қатысты.
1 қыркүйек күні 7 сынып оқушылары арасында «Ерлік» сабағы өткізілді. Сабаққа Әскери-теңіз күштер штабының әскер жетекшісі Урдабаев Айдаулет Жаркылкасымович қатысты. Келген қонақ оқушыларға ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің штабтарының дайындық деңгейін, басқа да әскер түрлерімен және тектерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ кеме экипаждарының әр түрлі навигациялық және ұрыс жағдайында қойылған тапсырманы орындауда тәжірибе жүзінде біліктіліктерін жетілдіре түсулеріне мүмкіндік берілетіні туралы айтып өтті. Урдабаев Айдаулет Жаркылкасымович оқушыларға ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері жайлы жазылған кітаптарды сыйға тартты. Кездесу кезінде мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезім оянып, белсенділік танытып қонаққа сұрақтар қойды. Кездесу соңында келген қонаққа сый-құрмет ретінде гүл табыс етілді.

Комментариев нет
Просмотров: 452