Қалалық сенбілік ақпараты
Бүгін 19 қыркүйек күні № 55 орта мектепте қалалық сенбілік аталып өтілді және тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Әр оқушының қолында сыпырғы, күрек, тырма, арнайы жұмыс қолғабы және т.б құрал-саймандары бар мектеп оқушылары, бүгінгі сенбілікке ерекше дайындықпен әрі белсенділік танытып келді. Мектеп алдына жиналған оқушылармен би мұғалімі Скорикова Елена Вячаславна спорттық флешмоб биін ұйымдастырды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Темирова Дамет Махметқызы балаларға сәттілік тілеп әр сыныпқа жұмыс жерін бөліп берді.
Сенбілікке мұғалімдер мен 5-11 сынып оқушылары қатысып, мектеп ауласын қоқыс пен қураған шөп-шаламнан тазартып, сыпырып жинастырды. Мектеп ауласын көркемдету бойынша жұмыстар жүргізілді. № 55 мектеп ұжымы жалпы қалалалық сенбілікке шығып, қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосты.