
№9 Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 2015-2016 оқу жылының 1 қыркүйек күні өткізілген Бірыңғай Білім сабағының қорытынды ақпараты
Білім күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» мерекелік салтанатты жиын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевтың 1 қыркүйек күні еліміздің барлық мектептерінде бірыңғай «Ерлік сабағы» пәнін өткізуге қатысты тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын (2015 жылғы 11 тамыздағы № 20-59/3202-тапсырмаға)орындау және Мәңгілік Ел ұлттық идеясы контексінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру процесіне енгізу мақсатында № 9 Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» мерекелік салтанатты жиыны, Бірыңғай Білім Сабағын өткізу тұжырымдамасы негізінде Білім күніне арналған 5-8 сыныптарда – «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік Сабағы, 9-11 сыныптар – «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына Бейбітшілік және келісім сабағы өткізілді.


Мектеп директоры А.С.Сексенова дәстүрлі 1 қыркүйек - Білім мерекеміз биылғы оқу жылында Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдық мерей тойымен қатар алтын ұя мектебіміздің 10 жылдық тарихымен тұспа-тұс келіп отырғандығын атап өтті«Зерде»мектебі ұстаздарының тағы жеңісі -2014-2015 оқу жылында Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында «Үздік мектеп» номинациясыны ие болып отыр. Республикалық Тамыз кеңесі көрмесінді мектеп ұжымының жұмысы жоғары бағаланып ІІ орынға ие болды.
2006-2015 оқу жылдары аралығында мектеп түлектерінің 67-сі «Алтын белгіге» аяқтаса, 46-сы дүниежүзінің беделді университеттерінде Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Биылғы оқу жылында 12 оқушы Назарбаев Университетінің грантын иеленді. Мектеп түлектерінің 20%-ы НУ-не, 36%-ы Мәскеу мемлекеттік Университетіне, 9 %-ы Шетел жоғары оқу орындарының грантын иеленген. Биылғы оқу жылында 12 мектеп түлегі НУ-не, 3 оқушымыз ММУ-не , 13 оқушы мемлекеттік грант иегерлері болып отыр.

2014-2015 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасында қатысқан оқушылардың 30%-ы 1-орынға ие болды.
Мектеп оқушылары 2014-2015 оқу жылында Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында да жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық олимпиадалық резервте мектебіміздің 10 сынып оқушысы Толғанбаев Шернияз география пәнінен, математика пәнінен 11 сынып оқушысы Үбініғажыпов Айдын кіріп отыр. Бұл мектеп мақтанышы екендігін қонақтар мен ата-аналарға, оқушыларға жеткізе отырып мектеп басшысы мұғалімдерді мараппаттады.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші білікті маман, тәжірибелі ұстаз, өз ісінің майталманы оқу ісінің орынбасары Байулова Гулназия Сабырқызын Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері төс белгісі иегері болумен құттықтады. Ұстаздық жолда ерен еңбегіңіз бағаланып, бұдан жоғары марапаттарға ие болуына тілектестік білдірді.
Биылғы оқу жылында Халықаралық, республикалық деңгейдегі «Талантты ұстаз- дарынды оқушы» педагогикалық олимпиаданың қос жүлдегері , «Жыл мұғалімі», тарих пәнінің мұғалімі Рахимова Гүлнар Мизинбайқызының іс- тәжірибесі жастарға үлгі.
Мектеп директоры Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хатын табыстауда
«Астана Дарыны» өңірлік ғылыми –практикалық орталығының директоры М.Құрманбаеваның құттықтауы
7 сыныпқа қабылданған оқушылардың өнер көрсету сәті
«Астана Дарыны» өңірлік ғылыми –практикалық орталығының директоры М.Құрманбаева,мектеп директоры А.С.Сексенова білім сабағына қатысуда