Меню KDT

Ата-аналар конференциясы

   Қыркүйек айының  19-ы күні №52 мектеп-гимназиясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар конференциясы болып өтті.


   Қыркүйек айының  19-ы күні №52 мектеп-гимназиясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар конференциясы болып өтті.

              Мектеп директоры Ұ.Б. Байтасова өзінің құттықтау сөзімен конференцияны  ашып берді.  

        Одан әрімектеп психологтары Б.Н.Наурызбекова мен Ұ.Қ. Беркімбаева конференцияны жалғастырды. Ата-аналардың бүгінгі конференцияға келіп қатысқандарына алғыс айта отырып, бүгінгі ата-аналар конференциясының міндеті – отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау. Бұған әрбір қазақстандық отбасы мүдделі екенін айтып түсіндірді.Баланы мектепте оқытуға бейімдеу жөнінде слайдтар,бейнероликтер көрсетілді.

Барлық ата-аналараға сауалнама таратылып берілді. Барлық ата-аналар сауалнама сұрақтарына жауап беруге тырысты. Сонымен қатар мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр баланың бастан өткеретінін туындайтын қиыншылықтардың болатыны жайлы мағлұматттар айттып өтті. Мысалы: мектепке барған алғашқы уақыттарда балалардың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар мазасыз, үрейлі, ашуланшақ, гиперактивті немесе гиперпассивті болуы мүмкін. Денсаулық жағдайы нашарлауы мүмкін. Бірақ біраз уақыттан кейін (біреулерде ерте, біреулерде кеш) барлығы қалпына келетіндігі айтылды.     

Психолог «ӘКЕ, МЕНІ ВАЛЬСҚА ШАҚЫР!» бейне-ролигін ата-аналармен бірге көруді ұсынды. Әкесі мен қызы қарым-қатынасындағы жылылық пен махаббатты сезіне алдыңыздар деп үміттенемін. Мен осында отырған әрбір әкеге өз балаларыңызбен қарым-қатынаста дәл осылай бақытты болуды тілеймін. 

 

Психолог ана туралы тәмсіл бейнеленген №2 бейне-роликгі көрсетілді.Ананың қамқорлығы, ананың нәзіктігі, ең бастысы – ананың махаббаты барлық ауыртпалықтардан ең басты шипа! Ананың жүрегі – ең сенімді қорған осы! Ана барлық балаларын жақсы көреді – баласы біреу ме, үшеу ме, немесе бесеу ме – бәрібір, оның махаббаты барлығына жетеді! Және бұны барлығы өте жақсы біледі.  Құрметті аналар! Сіздердің ана ретіндегі бақыттарыңыз әрқашан баянды болады деп үміттенемін! 

Осымен Құрметті ата-аналар! Сіздерге және мектеп табалдырығын аттаған балаларыңызға сәттіліктер тілейміз!Бақытты болыңыздар! Осымен Конференциямызды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер деп аяқтады.

           Мектеп психологтары:    Беркімбаева Ұ.Қ.     Наурзбекова Б.Н.

 



 


Комментариев нет
Просмотров: 599
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.09.2015 в 15:00