
Бірінші сынып ата-аналарына психологиялық көмек
Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясында 12.09.2015 жылы Қазақстанда отбасы күніне арналған «Бірінші сынып ата-аналарына психологиялық көмек» атты конференция өтті.
Конференцияға 316 ата-ана қатысты, жиналысты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймуканова Антонина Александрона жүргізіп бастады.
Сонымен қатар, қазақ және орыс тілді 1-ші сыныптар ата-аналары (6), оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары Баймұқанова Антонина Александровна, Жүнісова Құсни Қияшқызы, мектеп психологтары Агапитова Александра Михайловна, Идрисова Альмира Серікқызы қатысты.
Сөз басында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің сәлемхаты оқылды. Сәлемхатты мектеп директоры Ташенова Мәрзия Әкімқызы оқыды.
Ары қарай конференцияны мектеп психологтары жүргізді. Конференция барысында слайдтар көрсетіліп, 1-ші сынып оқушыларының оқуы мен тәрбиесіне қатысты нақты ұсыныстар берілген теориялық материал берілді.
Конференция барысында ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Конференция аяқталғаннан кейін ата-аналар психологтардан сұраныс бойынша ұсыныстар алды.



Орынд.педагог-психологтар:Агапитова А.М.
Идрисова А.С.
Комментариев нет
Просмотров: 544