Меню KDT

«Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі»

2015 -2016 оқу жылының  12 қыркүйек  күні  Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі» тақырыбында  ата-аналар  жиналысы болып өтті.


2015 -2016 оқу жылының  12 қыркүйек  күні  Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі» тақырыбында  ата-аналар  жиналысы болып өтті.

                                                                                 Күн тәртібінде:
  1. 2014-2015 оқу жылының қорытындысы,жаңа 2015-2016 оқу жылының міндеттері
  2. 2015-2016 оқу жылына ата-аналар комитетінің құрамын бекіту.
  3. «Ата-ана бақылауы» балаларға арналған қауіпсіз интернет қызметі туралы
  4. Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы мәселелер қаралды.

       Мектеп директоры А.С.Сексенова, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.С.Байулова, А.Ж.Жанібекова, Э.С. Абубакирова 2014-2015 оқу жылының қорытынды есебін жасап, 2015-2016 оқу жылының міндеттерін айқындады.

                                         

Э.С.Абубакирова - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті РММ – нің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 201 , Астана қаласы Денсаулық сақтау  басқармасы ММ 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 946, Астана қаласы Білім басқармасының  9 қыркүйек № 487 бірлескен бұйрығымен таныстырды. Мектеп директорының бұйрығына сәйкес жүргізілетін жұмыс жоспары қаралды.

                                           

Астана қаласы Қазтелеком АҚ сату бөлімінің менеджері О.Ә.Найзабеков «Ата-ана бақылауы» жаңа, қауіпсіз интернет қызметі туралы ақпараттық жұмыстар жүргізіп, үндеу парақшаларын таратты.

                                          

Ғ.К.Сихымова  - мектеп медбикесі: ата –аналарға ақпараттық бүктемелер таратып, сауалнама жүргізілді.

                                          

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ж.Жанібекова 2014-2015 оқу жылының қорытынды есебін жасап, 2015-2016 оқу жылының міндеттерін айқындады.

                                         

Б.С.Тембаева, Р.С. Райымжанова сөз алып былтырғы оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жұмысына есеп берді.Жаңа оқу жылының ата-аналар құрамын қайта бекітуге ұсыныстар айтылды.
                                       

Б.С.Есекешова  -  № 4 қалалық емхана балалар дәрігері: сынып жетекшілері мен ата-аналарына «Қызылша екпесінің маңыздылығы» тақырыбында  ақпаратттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Баяндама жасады.
                                      

                                     

Пифагор оқу орталығының директоры Асан Кенжеғазыұлы мектеп оқушыларының олимпиадалық дайындық жүргізуде өзара ынтымақтастығы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

                                     

                               

Жиналыс соңы мектеп директорының алғыс хатымен өзара бірлесіп жұмыс жасауда атқарған еңбектері үшін ата-аналар комитетінің төрайымдарын марапаттаумен аяқталды.
                                       
                                     


Комментариев нет
Просмотров: 758
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.09.2015 в 00:00