Меню KDT

Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ақпараты

12 қыркүйек күні мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері,25 ата-ана құрамының қатысуымен «Қызылша екпесінің маңыздылығы» тақырыбында ақпаратттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.




Дарынды балалға араналған № 9 «Зерде» мектебінінде 2015 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Б.М. Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңестегі « Республикадағы қызылшаға қарсы иммунизациялау жағдайы»  хаттамалық тапсырысы негізінде, 18.08.2015. күнгі Білім басқармасының Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялауды ұйымдастыру және өткізу бұйрығына сәйкес мектеп директорының бұйрығы  шығарылып,жоспар жасалынды. Жоспарға сәйкес 19 қыркүйек күні мектеп медбикесі Ғ.К. Сихымова 8-11 сынып оқушыларынан «Қызылшаның алдын-алу» тақырыбында диктант алды. 12 қыркүйек күні  мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері,25  ата-ана құрамының қатысуымен «Қызылша екпесінің маңыздылығы» тақырыбында  ақпаратттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мектеп әкімшлігі ата-аналарға  Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті РММ – нің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 201 , Астана қаласы Денсаулық сақтау  басқармасы ММ 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 946, Астана қаласы Білім басқармасының  9 қыркүйек № 487 бірлескен бұйрығымен таныстырды. Ақпараттық шараға Астана қалалық № 4 емхананың балалар  дәрігері Есекешова Бибіханым Сайлауқызы қатысып,слайд арқылы баяндама жасады. Мектеп медбикесі Г.К.Сихымова ата –аналарға ақпараттық бүктемелер таратып, сауалнама жүргізді. Сынып жетекшілерге ата-аналардан алынатын екпеге келісім парағы таратылды.Нәтижесінде жоспарланған 64  оқушының 23 ата-анасы екпеге қарсы екені анықталып, 41 ата-ана келісім берді.

                                                    
                                                                                                                                                                                                      


2015 жылдың 1 қазанында мектепте екпе жүргізу жоспарланып отыр. Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат мектеп сайтына жарияланып,мектептің І қабат дәлізінде ақпаратттық тақтаға хабарлама жазылып ілінді. Мектептің медициналық бекеті  екпе шарасын өткізуге толық дайын. Медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті.

                                           

                                Мектеп медбикесі Ғ.К.Сихымова түсіндірме жұмысын жүргізуде.

                                            

                                           


Комментариев нет
Просмотров: 576
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.09.2015 в 00:00