
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бірыңғай сынып сабақтарының өткізілуі туралы мәліметі
Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бірыңғай сынып сабақтарының өткізілуі туралы мәліметі
Астана қаласы №9 дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 2015 жылдың 11 қыркүйек күні Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына арналған 6-11 сынып оқушыларына бірыңғай сабақтар өткізілді.
7 А сынып жетекшісі Г.Г.Жумагатова «Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары» тақырыбындағы сынып сабағында Қазақ хандығының құрылымы,сатылары туралы сауалнама жүргізіп,оқушыларды Тәуке және Абылай тобына бөлді.
Әр топта оқушылар Реттеуші, Баяндаушы, Бейнелеуші топтарына бөлінді.Із қуушы оқушы даталармен жұмыс жүргізді.Сілтеме жасаушы оқушы тақырыпта қызықтырған оқиғаларды іздесе,сөз тапқыш мақал-мәтелдер айтты.
8 "ә" сынып жетекшісі Л.А. Есенгулова оқушыларды Керей, Жәнібек, Әбілхайыр хандығы тұсындағы деректерге шолу жасай отырып оқушыларды топпен жұмылдыра жұмыс жасауда ынтымақтасқан орта қалыптастыра білді.
9 А сынып жетекшісі А.К. Оралова тарихи деректерге сүйене отырып қазақ хандығының құрылуы туралы видеоролик арқылы оқушыларды өзара пікір алмасуға жетеледі.Оқушылар Тарихи сынақ хат жазуда алған білімдерін шыңдай түсті.
11 сынып жетекшісі Ғ.Ш.Шоқатова мен мектеп кітапхана қызметкері Ш.Е.Әбдіхалықова оқушыларға Қазақ хандығы туралы тарихи кітаптар көрмесі арқылы оқушылардың рухани құндылықтарын арттыруға басымдық берді.
10 сынып жетекші Ә.Ә.Бірмағамбетова «Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы-қазақ хандығы» тақырыбындағы сынып сабағыныда Керей мен Жәнібек, Аблай хан, Кенесары хандардың қазақ жұртына қосқан үлесу туралы слайд арқылы баяндама жасауда оқушыларды ізденіспен шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдырды.
10 сынып жетекшісі Қ.К.Турсекеева оқушыларды рөлдік қойылымдар мен постер жасату арқылы қазақ тарихындағы ұлы адамдар, қазақ хандығын құрудағы даңқты батырлары, өткір ойлы дарынды дипломаттары туралы мәліметтер бере отырып ұлттық рухқа тәрбиеледі.
7 Ә сынып жетекшісі Г.О.Қойшина оқушыларды «Төле бидің тарихы» дастанын оқыта отырып «Жеті жарғы» тарихына шолу жасатты.Оқушылар М.Жұмабевтың қазақ хандары туралы өлең жолдарын жатқа оқыды. «Егер мен хан болсам...» тақырыбында ой толғау жазды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сынып сабақтарына пән мұғалімдері Сариева Г.С. Тасболатова К.М. Егдирова Г.Н, Ермағанбетова Г.Б, Кобжанова Г.Т. Қабышева А.Б. Сарсенова Ж.Ш. қатысып, оқушыларға айтулы іс-шараның маңыздылығы туралы атап өтті. Бірыңғай сабақ қортыныдысы мектеп сайтына жарияланды.