Меню KDT

«Сөз - мерген» тіл танымдық сайысы өтті

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдерінің XYII қалалық фестивалінің аясында18 қыркүйек күні 7-сынып оқушыларының арасында танымдық қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту, тұрақты сөз тіркестер мен мақал-мәтелдер, көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын тану, тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында «Сөз - мерген» тіл танымдық сайысы өткізілді.


   Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдерінің XYII қалалық фестивалінің аясында18 қыркүйек күні 7-сынып оқушыларының арасында танымдық қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту, тұрақты сөз тіркестер мен мақал-мәтелдер, көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын тану, тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында «Сөз - мерген» тіл танымдық сайысы өткізілді.
   «Сөз мерген» тіл танымдық сайысында сөзге жүйрік,тілге шешен, қазақ тілінің қадір қасиетін бағалай білген оқушыларымыздың тіл туралы өлең жолдарымен бастауымыздың өзіндік себебі бар, өйткені Тәуелсіздік алып, еліміздің өшкені жанып, өлгені тірілген 22 - қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі. Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» деп Мағжан ақын жырлаған ана тілімізді қадірлеу- перзенттік парыз. Елбасымыз өзінің сөйлеген бір сөзінде осы парыз жөнінде «Өзіміздің осы елге қонақ емес екенімізді, Қазақстанда қазақ тілі де, ел бірлігі мен татулығы да, тарихымыз бен мәдениетіміз де тек қана қазаққа керектігін түсінгенде ғана бұл міндетті орындауға болады» деген екен. Ендеше «Мен қазақпын» деп ұрандайтын болашақтың патриоттары да «Елім менің» деп қасиетті көк туымызды биікте желбірететін де тас жүректерді тілімен тілімдеп, «Тілім менің» деп сөз маржанын теретін де бүгінгі оқушыларымыз. Ана тіліміздің мәртебесі биіктетуге өз үлесімізді қосуға арналған бұл мерекелік шараға 7-сынып оқушылары белсене ат салысты.
Сайыс шарттары төмендегідей өтті:
Сайысқа 4 оқушы қатысады, 3 кезеңнен тұрады
І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр» (тұрақты сөз тіркесін тауып, мағынасын ашу)
ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» (сөздерді тіркестіріп мақал-мәтел құрау)
ІІІ. Кезең «Ойлы болсаң озып көр» (көнерген сөздердің мағынасын ашу)
Сайысымыздың тіл жанашырлары 7-сынып оқушылары:
1.Құрақбаева Зарина-7 а сыныбының үздік оқушысы
2.Гүлбай Мағжан-7б сыныбының үздік оқушысы
3.Зулфайдар Мухаммед-7 в сыныбының үздік оқушысы
4.Рышатбекова Мариям-7 д сыныбының үздік оқушысы
 
Сайыста сөзге жүйрік, тілге шешен екені танытқан, қазақ тілінің қадір қасиетін бағалай білген оқушыларымызды мақтау қағазымен және сыйлықтармен жеңімпаздарды  марапаттап, қошеметтер көрсетілді.
7«Б» сынып оқушысы Гүлбай Мағжанға «Сөз мергені» деген атақ берілді.
Тілім менің!
Осы тілде-шежірем, жырым менің!
Асан қайғы арманы,
Қорқыт күйі-
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің!
Тілім менің!
Жауға айбарым, ұраным,туым менің!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қаршыға Сайлаукүл Сламбекқызы


Комментариев нет
Просмотров: 1088
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.09.2015 в 00:00