Меню KDT

Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында «Экологиялық айлық» аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.

№51  мектеп-гимназиясында қалалық сенбіліктің жүргізілгендігі жөніндегі мәлімет
Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында «Экологиялық айлық» аясында жалпы қалалық сенбілік өтті. Жоспарға сай аталған шараға 2-11 сыныптар мен мектеп ұстаздары, барлығы  1705 адам  қатыстырылды. 


Сенбілік таңғы 9.00-де басталып, сағат 12.00-де аяқталды.  Қалалық сенбілікке  белсенді қатысу мақсатында  «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты тақырыпта 2-11 сынып оқушылармен әңгімелер, тәрбиелік сұхбаттар жүргізілді. Сенбілікке қажетті бар құрал-жабдықтармен (тырма, курек, сыпырғыш, қолғап т.б) қамтамасыз етілді.

 Мектебіміздің 11сынып мектеп бітіруші 133  түлегі, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері де өз үлестерін қосты. Әрбір сынып  10 тал ағаштан, сынып жетекшілері 1 тал ағаштан отырғызды, мектеп ауласына барлығы  55 түп ағаш отырғызылды.

11-сынып оқушыларының сенбілікте ағаш отырғызуынан көріністер

10сыныптар  мектептің ішкі тазалығына атсалысты. Мектептің акт залы, спорт залына тазалық жұмыстарын жүргізді.

9-сынып оқушылары қалалық сенбілікке шықты. Сынып жетекшілері және оқушылар, сонымен бірге жауапты адамдар өздеріне бәлінген жерлерін толығымен тиянақты жұмыс атқарды.

Атап айтсақ , 11 «а» сыныбы, сынып жетекшісі Ибраева Өрік.Жалпы сыныпта барлығы 29 оқушы болса, оның 29 қатысты.Қалғандары себепті.     11 «ә» сыныбы, сынып жетекшісі Жокелова Светалана  шықты.Жалпы сыныпта 29 оқушы болса, соның  27 оқушысы қатысты. Қалған оқушылар себепті. Аталған сыныптарға жүктелген және міндеттелген жұмыстар атқарылды. 

Мектеп оқушылары өздеріне бөлінген жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізіп,біркісідей өз үлестерін қоса білді.

         Қалалық тазалық күніне сынып жетешілерімен бірге 8 «а» сыныбы бойынша 26 оқушы, 8 «ә» сыныбы бойынша 27 оқушы, 8 «б» сыныбы бойынша 28 оқушы, 8 «в» сыныбы бойынша 27 оқушы, 8 «г» сыныбы бойынша 26 оқушы, 8 «д» сыныбы бойынша 27 оқушы, барлық оқушылар саны 161. Өздерінің білім алатын мектеп ауласын тазалауда оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі, музыканың әуенімен бірге әрбір оқушы өзіңе тиесілі жұмысын ұқыпты да, тиянақты атқара білді. Тіпті кейбір оқушылар «Астана-таза қала» - деген сөзді ұрандатып, бір-бірімен әзіл-қалжыны жарасып, ұйымшылдықта бірер сағат уақытта мектеп ауласың мұңтаздай етті.


Комментариев нет
Просмотров: 533
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.09.2015 в 00:00