Қыркүйектің 16-шы жұлдызында 5-ші сыныптар арасында «Білгіштер бекеті»сайысы өтті.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы қабылданған болатын. Сол уақыттан бері бұл мереке елімізде қатырынан 26 жыл бойы тойланып келе жатыр. Туған тілдің құдіретін - құрмет тұтқан бүгінгі оқушылар өз ана тілдерінде еркін сөйлеп, ойларын ашық әдеби тілмен мәнерлі жеткізе алады. Айтулы мерекені №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі кафедрасының пән мұғалімдері апта бойы интеллектуалдық ойын, сайыс, поэзия кеші және салтанатты жабылу рәсімдерін үлкен іс-шарамен атап өтіп, тіл мәртебесін асқақтатты.
«Білгіштер бекеті» сайысының білімді жеңімпаздары

Қыркүйектің 16-шы жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Мейрамбкқызының ұйымдастыруымен 5-ші сыныптар арасында «Білгіштер бекеті»сайысы өтті. Сайысқа сыныптың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шапқан ең үздік мақалшы оқушылары қатысты. Сайыс барысы 7 айналымнан тұрды. 1 – айналым. «Кім жүйрік?». Әр оқушы үйден жаттап келген мақалдарын 1 минут ішінде айтуы тиіс. 2 – айналым. «Сөздің көркі мақал»Мақал - мәтелді аяқтау.3-айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Жұмбақтың жауабын тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріндегі баламасын табу.4 – айналым. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Мақал - мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын табу.5 - айналым. «1001 мақал» Суреттер бойынша мақал құрастыру. 6– айналым. «101 жұмбақ»Үй тапсырмасы. Әрбір оқушы өздері үйден жұмбақ жаттап келіп, бір-біріне жасырады. 7– айналым. «Шешендік өнер».
Сайыс қызу тартысты өтті. Ұқыптылықпен дайындалып келген оқушылардың белсенділігі сайыс түрін көркейте түсті. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, қатысушы оқушылардың ішінен ең жүйрік деп танылған 5 «А» сынып оқушысы Таңатар Бақтияр, 5 «Б» сынып оқушысы Үсен Айжан және 5 «Г» сынып оқушысы Нығызбаев Манарбек«Білгіштер бекеті»сайысының үздік жеңімпаздары ден танылды. Осы сайысқа қатысқан әр оқушыға «білімнің биік шыңынан көрінсін» деген мақсатпен адам жанына мәңгілік азық болар кітаптар сыйлыққа ұсынылды. Сайыс соңы әдемі естелік фотолармен жалғасып, жақсы көңіл-күймен аяқталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |