
Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі!
21 қыркүйек күні сағат 12.00-де 2-4 сыныптар арасында «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті.
Онда оқушылар тіл туралы мәнерлеп өлеңдер оқыды, патриоттық әндер шырқады, би биледі.
Жүргізушілер Сәндібекова Нұрбану мен Жаркен Нұрбол даналардың нақыл сөздерімен көркемдеп, ертеңгіліктің мазмұнды өтуіне атсалысты.
Мерекелік іс-шараның оқушылардың ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, құрметтеуіне деген маңызы зор болды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Құлманова Ләззат
Комментариев нет
Просмотров: 400