
Анам , әкем және мен,біз спорттық жанұя
Еңбек күніне орай ұйымдастырылған іс шаралар жалғасын табуда. Қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күнін жариялап өткендіктен мектебімізде осыған орай жоспарға сай іс- шаралар өтуде.Әр апта соңы сенбілік жасаумен 5-11 сыныптар айналысса, бастауыш сынып оқушылары арасында "Анам, әкем және мен, біз спорттық жанұя" атты 3-4 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 5 кезеңнен тұрады. Арнайы секіртпелермен секіру, кедергілерден ту сияқты спорттық жарыс ата-ана көңілін де ,баланың көңілінен де шыға білді. Жарысты ұйымдастырушы Рахимова Меруерт бастауыш сынып ата-аналарымен жарыстарды жиі өткізу керектігін айтады.
Жұмыртқадан жүн қырыққандардың жолы болған заманда ауадан ақша жасап, еңбексіз-ақ табысқа жетуге әркім құштар. Алайда, материалдық өндіріс ой өндірісінен кемшін түсіп, тиісті үндестік бұзылған қоғам қалайда дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін болып бекітілген еді.Еңбек күніне орай ұйымдастырылған іс шаралар жалғасын табуда. Қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күнін жариялап өткендіктен мектебімізде осыған орай жоспарға сай іс- шаралар өтуде.Әр апта соңы сенбілік жасаумен 5-11 сыныптар айналысса, бастауыш сынып оқушылары арасында "Анам, әкем және мен, біз спорттық жанұя" атты 3-4 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 5 кезеңнен тұрады. Арнайы секіртпелермен секіру, кедергілерден ту сияқты спорттық жарыс ата-ана көңілін де ,баланың көңілінен де шыға білді. Жарысты ұйымдастырушы Рахимова Меруерт бастауыш сынып ата-аналарымен жарыстарды жиі өткізу керектігін айтады.