
Оңтүстүк Африка мемлекетінде каратэ-до дан өткен ХVII Әлем чемпионатынан оқушыларымыз жеңіспен елге оралды
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Оңтүстүк Африка мемлекеті Йохенсбург қаласында өткен каратэ-до дан ХVII Әлем чемпионатында мектебіміздің оқушылары чемпион атанды
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Оңтүстүк Африка мемлекеті Йохенсбург қаласында өткен каратэ-до дан ХVII Әлем чемпионатында мектебіміздің 8 «В» сынып оқушысы Мүтәліп Еркежан 4 алтын 1 күміс жүлделерін жеңіп алса, 6 «А» сынып оқушысы Самашева Бэлла 5 алтын жүлдені қанжығасына байлап еліміздің көк туын желбіретті, және де осы оқушыларымыздың жаттықтырушы, мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Үсенбаев Әділет Асқарәліұлы 3 алтын, 1 қола медальді жеңіп алып еліміздің абыройын асқақтатты. Осы жеңістерімен мектебіміздің оқушылары мен жаттықтырушысын «Үздік өнер көрсеткені үшін» еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қабылдауына шақырып алғысын білдірді.