Меню KDT

2015-2015 о.ж. №1 жалпы ата-аналар жиналысы


Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы «Ұлттық тәрбие –жаңа заман   қажеттілігі» тақырыбымен 18-19 қыркүйек күні өткізілді.
Мақсаты: Білім беру  үрдісіне қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру,  жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу салауатты өмір салтын насихаттау.
Күн тәртібінде  мектеп директоры  А.Умарова  2015-2016  оқу жылының  мектеп жарғысымен таныстырды.
Мектеп инспекторы Л.Е.Ахметова «Әкімшілік қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Білім басқармасының  №459 Бұйрығы «Қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы» хаттамалық тапсырысы негізінде  Республикадағы қызылшаға қарсы иммунизациялау жағдайымен мектеп медбикесі Р.А.Ноғаева ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді. 15-19 жас аралығындағы оқушыларды иммунизациялау қатаң түрде тек ата-анасының   жазбаша келісімімен жүретіндігін және дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін  қызылшаға қарсы егілуге  шақырды. Екпенің балаға ешқандай зияндығы болмайтындығы айтылды. «Ұлттық тәрбие –жаңа заман   қажеттілігі» тақырыбында бастауыш оқу ісінің меңгерушісі Д.К.Рамазанова  баяндама оқыды.  Баяндама мазмұнытұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеу, ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуге негізделді.




Комментариев нет
Просмотров: 449
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.09.2015 в 00:00