
2015 жылдың 19 қыркүйегінде өткізілген жалпықалалық сенбілік жайлы ақпарат
«Біз таза қаланы қолдаймыз» атты экологиялық-санитарлық айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес 19 қыркүйек күнгі қалалық сенбілікке мектеп толығымен қатысып, бір кісідей атсалысты. Бастауыш сынып оқушыларымен сыныптарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 5-11 сынып оқушыларымен мектеп ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді. Мектеп ауласына жас көшеттер отырғызылды, ағаштар түбі қопсытылды. Алдын ала өткізілген сынып сағаттарында құрал-жабдықтармен жұмыс жасау техникасымен, қауіпсіздігі, жол жиегінде жұмыс жасау техникасымен сынып жетекшілері таныстырды.




Комментариев нет
Просмотров: 414