Құрбан айт қабыл болсын!
Баршамызға белгілі қыркүйек айының 24-26 аралығында құрбан айт мерекесі болды. Құрбан айт мерекесінде Аллаға құлшылық етіп, құрбандық шалып, асыраушысынан айырылған жандарға көмек көрсету - әрбір мұсылманның қасиетті парызы.
Баршамызға белгілі қыркүйек айының 24-26 аралығында құрбан айт мерекесі болды. Құрбан айт мерекесінде Аллаға құлшылық етіп, құрбандық шалып, асыраушысынан айырылған жандарға көмек көрсету - әрбір мұсылманның қасиетті парызы. Келешек ұрпақтың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, гүлденіп, өркендеп өсуіне зор үлес қосып, бала жүрегіне имандылық нұрын сеуіп, адами құнды қасиеттерді қалыптастыруда мектептің рөлі зор. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында аз қамтылған,көп балалы және жетім балаларға,ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мереке барысында қайырымдылық іс-шара өткізді. Осы іс-шараға ата-аналар,оқушылар қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың отбасыларына көмек көрсету.
Ұйымдастырушылар бірі Астана қаласының «Сәдуақас қажы Ғылыми» мешітінің Бас имамы Жұманазар Өсерханұлы Садырханов болды.Біздің мектебіміздің 19 оқушыларына азық-түлік берілдіжәне сол күні «ТОО тез ломбард» басшысы Кенесарина И және жеке кәсіпкер Сулейменова 9 оқушыға 63.000 теңгеге өздері тандаған киімдер сыйлады.
Мұндай келелі іске мектеп мұғалімдері аз қамтылған, жетім, ата-ана қамқорлығысыз қалған оқушыларға де белсенділік танытты. Олар -мектеп директоры Сыздыкова Базаркуль Сагындыковна, Ильясова Айжан Нұрланқызы, Искакова Майраш Толеубекқызы,Абылкасымова Назым Үйсембековна.

Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының әкімшілігінен атынан барлық ниет еткен қауымға Алла тілектеріңізді қабыл етсін дей отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, отбастарыңызға береке-бірлік, татулық тілейміз.
Комментариев нет
Просмотров: 431