Меню KDT

Абай даналығы – Ұлт тілінде

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді коллежінде» 2015 жылдың 23 қыркүйек күні ҚР тілдер мерекесіне орай гуманитарлық пәндер бойынша ұйымдастырылған онкүндік аясында  «Абай даналығы – Ұлт тілінде» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті.


Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді коллежінде» 2015 жылдың 23 қыркүйек күні ҚР тілдер мерекесіне орай гуманитарлық пәндер бойынша ұйымдастырылған онкүндік аясында  «Абай даналығы – Ұлт тілінде» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті. Бұл шараның өткізілу барысында қазақ халқымыздың біртуар ұлы, дара, дана ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын колледж студенттерімен атап өтіп, халық қазынысының сарқылмас байлығын ертеңгі кемел ұрпаққа аманат етер бүгінгі жастар санасына Абай даналығын ана тілінде сіңдіру арқылы ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Әдеби кеште Абай Құнанбаевтың өлеңдері, қара сөздері оқылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған үзіндісінен қойылым көрсетіліп, көрермендердің көңілінен шықты.
Осы шараның көркін кештің арнайы қонағы Абай әлемін жан-жақты зерттеп, ұлттық мүддені Абайтану арқылы насихаттап келе жатқан  Астана қаласындағы  «Абайтану» ғылыми орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы  ұшқыр ойлы сөздері мен татымды деректерімен қыздырды. Шығармашылық кешке қатысқан әр адам  Абай әлеміне үңіле отырып, өмірлік ұстанымнвың шынайы келбетін тани білді.  Көпшіліктің ризалығына бөленген әдеби кеш өте жоғары деңгейде өтті.




Теги:  div » img,

Комментариев нет
Просмотров: 617
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.09.2015 в 00:00