
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 306 Қаулысы
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 306 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі– Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзінің не баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге қолайлы мүмкіндік.
Аталған білім беру депозитіне банктен 10% дейін (сіз таңдаған қатысушы банкке байланысты) пайыздар мен 5% немесе 7% мемлекеттен жыл сайын сыйлықақы есептеледі.
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын банктің сыйақыларымен бірге есептегендегі салымдағы жалпы сомаға, бірақ бір жылда 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде аударылады:
–7% басымдылықты санаттағылар үшін: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар;
–5% басқа санаттағы ҚР азаматтары үшін.
Минималды бастапқы жарна - 3 АЕК (5 946 теңге).
Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.
Білім беру депозитін ашу үшін бар-жоғы екі-ақ құжат қажет:
- Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.
- Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Грантқа ие болған салымшының құқықтары:
- депозиттен жинақты алу;
- ақшаны басқа баланың атына аудару;
- білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.
Білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері:
- білім беру жинақтау депозиті мемлекет сыйлықақысымен көтермеленеді;
- мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретінде салықтан босатылады;
- білім беру жинақтау депозиті жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру қорының нысаны болып табылады (10 млн.теңгеге дейін);
- мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен Банктен білім кредитін алуға мүмкіндік бар.
Салымды ашу үшін не қажет:
1-қадам – Біздің байланыс телефондарымыз арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-дан кеңес алу.
2-қадам – Қатысушы банктердің бірін таңдау. Білім беру жинақтау депозитін ашу. Бастапқы жарнаны енгізу.
3-қадам – Банктен сыйақы және мемлекеттен сыйлықақы алу.
4-қадам – Қазақстанның немесе шетелдің колледждерінде/ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу. Грант бойынша оқуға түскен жағдайда банктің және мемлекеттің пайыздарын түгел алу.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның қатысушылары арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оның мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру жинақтау салымы – енгізуші (салымшы) немесе үшінші тұлғалардың жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын қатысушы банктегі салымшының шотындағы ақшалай қаражат;
2) білім беру жинақтау салымы туралы шарт – енгізуші (салымшы) қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банк салымы туралы шарт;
3) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыларға жеке тұлғаның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім бағдарламаларын игеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
5) білім беру ұйымы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 6) енгізуші – салымшының пайдасына жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарттың тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
7) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік еткен ұйымның кепілдігіне білім беру кредиттерін ұсыну туралы Бас келісімді жасаған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
8) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың оған банк қарызы шартымен белгіленген уақыт ішінде келісілген лимит шегінде ақшалай қаражатты беру жөніндегі заңды түрде рәсімделген міндеттемесін ұсыну; 9) қайтадан оқу – білім алушының «қанағаттанарлықсыз» деген қорытынды баға алған пәнін қайтадан оқуы немесе Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда білім алушының алдыңғы курста қайта қалдырылуы;
10) қарыз алушы – кредитормен білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін жетіспейтін сомаға банк қарызы шартын жасаған салымшы;
11) қатысушы банк – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамада белгіленген талаптарға жауап беретін және оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасаған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
12) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – жыл сайын белгіленген мерзімде білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай қаражат;
13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және екінші деңгейдегі банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға екінші деңгейдегі банктің сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын есептеуге негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленетін, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
15) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – ынтымақтастық туралы келісім) – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк немесе білім беру ұйымы арасындағы өзара іс-әрекеттердің шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;
16) салымшы – оның пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасалған Қазақстан Республикасының азаматы.