Қарттарым – асыл қазынам
Қыркүйектің 24 жұлдызы күні Алматы аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері шақырылды.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қарттарды ардақтау – құрметті іс. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Салтанатты мерекеде ақ тілектер мен құттықтаулар айтылған соң, біздің мектептің өнер жұлдыздары концерттік бағдарлама ұсынды. 6 «Ә» сынып оқушысы, мектеп жұлдызы Құдайберген Қасиетәлі, 2 «В» сынып оқушысы Әшірбай Мирас, 2 «Г» сынып оқушысы Жақсылық Сымбат және «Шашу би ансамблінің бишілері өз өнерлерімен құрметті қонақтардың қошеметіне бөленді. Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара мерекелік дастарханмен аяқталды.