
Тіл мәртебесі – ел келбетінің айнасы
22 – қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі.
Тіл мәртебесі – ел келбетінің айнасы
22 – қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», деп атап көрсетті. Сонымен қатар, айтулы мереке ұлы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойын тойлаймыз.
Отбасы күнін тойлау да еліміз үшін дәстүрлі мерекеге айналды. Осы жоғарыда айтылған айтулы мерекелерге орай мектебімізде «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты әдеби-сазды кеш салтанатты түрде аталып өтті. Кеште оқушылар дәстүрлі әндерді, Қазақ Еліне арнаған өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқыды. Отбасы мерекесіне әдеби-сазды қойылым қойды. Биші қыздар Қазақ билерін мың бұрала биледі. Тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтар да қойылып, балалар жарыса жауап беріп, сыйлықтарын алып жатты. Осы кеш арқылы оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдері оянып, тілге деген құрмет одан әрі аса түсті.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы тілдерінің ХVII фестивалінің аясында «Үштілділік - тұғырым» атты айлық бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілді.
Сыныптар арасында тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қабырға газеттерінен байқау өтті. Балалар бар өнерлерін салып, тілге деген құрметтерін жоғары деңгейде көрсетіп, жеңімпаз атанып жатты.
8-11 сыныптар аралығында «Тіл - тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында эссе, толғау, шығармалар байқауы өткізілді. Байқау оқушылардың ұлттық рухани қазынамыз - тілді құрметтеу, маңыздылығын айқындау мақсатында өткізілді. Жастар еліміздің болашағы болғандықтан әрдайым олардың пікірін ескеріп отырғанымыз абзал. Осыған орай байқауда оқушылар шығармаларын ұсынып қана қоймай, оқып, талдап берді. Байқаудың іріктеу кезеңіне қырыққа жуық жұмыстар қабылданды. Шығармаларды бағалау шарттарына байланысты іріктеуден 15 шақты жұмыс жақсы деп бағаланды.
5-9 сыныптарда жас ақындар арасында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты жыр мүшайрасы өткізілді.
5-сынып оқушылары арасында «Сөзмерген» танымдық-зияткерлік сайысы өтті. Бұл іс-шара негізінде сынып оқушыларының арасында дарынды және талантты оқушыларымыздың қабілет-қарымы анықталды.
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты Тілдер мерекесіне арналған кездесу кеші өткізілді. Бұл кеш «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алып жатқан тәжірибелік алаң оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Кештің негізгі мақсаты: оқушылардың осы технология бойынша үш тілде (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) тілдік бірліктерді талдау, ұлттық тіліміз арқылы өзге тілді меңгерту.
Міне, Алаш арыстарының тілдік аманатын өз деңгейінде орындап, тілдің мерейі өсе түсті. Тіліміз баянды болсын, Мәңгі елеміздің мәңгі тілі Жасасын!!!
Еліміздің бірлігінің беріктігі мұқалмасын!