Меню KDT

Тілім менің –тірегім

Тілім менің –тірегім
    16.09.2015 ж. Қалалық бастауыш сыныптар арасында «Тілім менің -тірегім» атты топтық сайыс  №4 мектеп-гимназиясында сағат 10.00 – де  өтті. Бұл  топтық сайыста №2 мектеп-гимназиясының «Болашақ» атты тобы Капатаева Қымбат Капатаевна мен 4 А сынып оқушысы  Сарсенбинова Амира  қатысып  Бас жүлде иегері атанды.
І тур тапсырмасы 5 тақырыптың ішінен біреуін таңдап эссе жазу, эссе 2 беттен кем болмауы тиіс. Бұл ұстаздар үшін тапсырма еді. Ал, оқушыға тіл туралы дайындап келген өлеңін мәнерлеп оқуп жарысты, яғни бұл командалық жарыс еді.
ІІ турда І турдан өткен Астана қаласының  мектептерінен ең  үздік шыққандар №51 мектептен сыналды.
ІІ турдың өзі 3 бөлімнен тұрды:  1 бөлімде оқушы тіл туралы мақал-мәтелдер айтып сайысса, мұғалімдер ақын-жазушылардың тілге байланысты айтқан сөздеріне тапсырмалар орындады.
2 бөлімінде берілген тақырыпқа оқушы мен мұғалім 7 минутта өлең жазу керек болған. Осы сайыста Амира оқушымыз «Ана тілегі» атты тақпағын мәнерлеп оқып, көзге түсті.
3 бөлімінде оқушы мен мұғалім шығармашылығы (ән, би, өлең, монолог, т.б) көрсету керек болған. Біздің Болашақ командамыз араб ұлтының  ұлттық «Нубия» биін көрермендер жақсы қарсы алды.
Астана қаласының Білім басқармасының қалалық бастауыштар сынып арасында «Тілім менің-тірегім» атты топтық сайыста Бас жүлде дипломымен мараппалды.

 



Комментариев нет
Просмотров: 135
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.09.2015 в 12:00