
«Алтын күз-2015» жаяу туризм бойынша қалалық слеті
2015 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Ақкөл ауданының «Арман» балалар спорттық сауықтыру лагерінде жаяу туризм бойынша «Алтын күз-2015» ашық қалалық слеті өтті.
2015 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Ақкөл ауданының «Арман» балалар спорттық сауықтыру лагерінде жаяу туризм бойынша «Алтын күз-2015» ашық қалалық слеті өтті.
Бұл іс-шара Дүниежүзілік туризм күніне орай өткізілді. Біздің колледждің өндірістік оқыту шебері Қ.Б.Белжановтың басшылық жасауымен «үлкендер» категориясына жататын төрт білім алушысынан тұратын екі команда қатысты.
«Динамо» командасының құрамы:
Абляметова Анастасия 3 ТРМ-113
Болкунец Анастасия 3 ТРМ-113
Белова Анастасия 3 ТРМ-113
Курумбаев Арсен 3 ТРМ-113
«Созвездие» командасының құрамы:
Мухитов Артур 2 ТРА-114
Мырзабеков Данияр 3 ТРА-213
Жакупова Меруэрт 2 ТРА-114
Дюсембаева Аяужан 2 ТРА-114
Іс-шара бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші күні саяхатшылардың орын таңдап орнығуы бойынша шатыр тігу, орналасу, т.б. Екінші күні жүгіру бойынша – 11 бағыттан тұратын саяхат: тауға шығып және түсу, тауға қарай спорттық жүгіру , алғашқы медициналық көмек т.б сайыс түрлеріне қатысты. Яғни, алаңда белгілі азимуттан құрылып, арқан байлау, топографиялық белгілер, маятник, бивуакты орналастыру сияқты тапсырмаларды орындады.
Жарыс қорытындысы нәтижесінде Астана қаласынан қатысқан 23 команданың арасынан «Динамо» тобы сайыс бағдарламасы бойынша 2 орын, «Техникалық» қашықтықта 2 орын және жалпы командалық «Алтын күз-2015» жаяу туризмнің қалалық слетінің жүлделі 3 орынды иеленді. «Созвездие» тобы жалпы командалық 5 орынға ие болды. Жарыс қатысушылары мен жүлдегерлері мадақтама қағаздар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.



Теги:
div » img,
Комментариев нет
Просмотров: 481