Меню KDT

Шылым шегу денсаулыққа зиян

№ 55 орта мектеп инспекторы Акупова Марал 8-9 сынып оқушыларына "Шылым шегу денсаулыққа зиян" атты баяндама оқыды. Жоғары сынып оқушылармен жұмыс істеу барысында мұндай жайттардың  алдын алу шаралар жоспарын ескере отырып, бейнефильм көрсетті. Бұл фильмді тамашалау барысында оқушылар шылымның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін ұғынды. Және де өз пікірлерімен бөлісті.


№ 55 орта мектеп инспекторы Акупова Марал 8-9 сынып оқушыларына "Шылым шегу денсаулыққа зиян" атты баяндама оқыды. Жоғары сынып оқушылармен жұмыс істеу барысында мұндай жайттардың  алдын алу шаралар жоспарын ескере отырып, бейнефильм көрсетті. Бұл фильмді тамашалау барысында оқушылар шылымның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін ұғынды. Және де өз пікірлерімен бөлісті. Жыл сай­ын дүние жүзінде темекі шегудің сал­да­ры­нан 4 млн. адам қайтыс бо­ла­ды екен. Бүгінде жер ша­рын­да 1,2 мл­рд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойн­ша 1997 жы­лы темекіден 3 млн. адам көз жұмған бол­са, бұл көрсеткіш жыл сай­ын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн.-ға жуық адам темекі шегеді екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, он­да та­яу жыл­дар­да жар­ты мил­ли­ард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.

Темекі тар­та­тын адам күніне ор­та есеп­пен 200 рет, ай­ы­на 6 мың рет, жы­лы­на 72 мың рет ішке түтін со­ра­ды. Қызығы сол, темекі шегуді о бас­та «ой­нап» бастаған 100 адамның 80-і бірітіндеп тұрақты шылымқорларға ай­на­ла­ды. Қазір темекінің мыңнан артық зи­я­ны бар екені мәлім бо­лып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жо­ла­май-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жо­лын қарастырсын.

Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тас­тау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, са­быр төзіміне көп бай­ла­ны­с­ты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тый­ым са­ла білетін ең та­ма­ша уақыт – ора­за ұстайтын Ра­ма­зан айы. Ора­за ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз са­быр көрсетіп, басқа кез­дер­де де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға бо­ла­ды.


Комментариев нет
Просмотров: 616
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.09.2015 в 23:09