
"Тілі бірдің тілегі бір"
№24 орта мектепте 2015 жылдың 04-25 қыркүйек аралығында «Тілі бірдің тілегі бір» тақырыбында айлық өтті.
№24 орта мектебінде 2015 жылдың 04-25 қыркүйек аралығында «Тілі бірдің - тілегі бір» тақырыбында айлық өтті.
Айлықтың жоспары құрылып, мақсаты да анықталды.
Мақсаты: 1. Оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
04 қыркүйек айында «Тілі бірдің - тілегі бір» тақырыбында айлықтың жүргізілуін ұйымдастыру үшін директордың оқу- тәрбие орынбасарлары мен әдістемелік жетекшілері бас қосты. Осы жиыннан кейін қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшілері Силам Б. және Жаңабек Д.Ә. «Тіл- тәуелсіздіктің тірегі» атты дөңгелек үстел жүргізді.
05 қыркүйекте 7-11 сынып оқушылары үшін салтанатты сап түзеуде айлықтың ашылуы жарияланды. Салтанатты сап түзеу барысында 5-11 сынып оқушылары мәнерлеп тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, өз үлестерін қосты.
Осы айлық барысында мектептің пән мұғалімдері түрлі іс- шара ұйымдастырып, оқушыларды марапаттап, қызығушылықтарын арттырып отырды. Мәселен, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Оңайбек Б.Б. «Ана тілім-бабам тілі, қасиетім,қанатым!» атты қабырға газеті байқауын 5-10 сыныптар арасында жүргізді. Бас жүлдеге ие болған- 10 «А» сынып, І орынға ие болған- 6 «В» сынып, ІІ орынға ие болған- 9 «А», 8 «В» сыныптар, ІІІ орынға ие болған- 5«Б», 6 «А», 7 «Ә» сыныптар.
07.09 дене шынықтыру мұғалімі Рахметов Е.С. «Көңілді старт» жарысын 9- сыныптар арасында өткізді.
09.09 қазақ тілі мұғалімі Есетова О.Ф. «Өркениет өнегесі- өз тіліңмен өмір сүру» пікірсайысын 10- сынып оқушыларының арасында жүргізді. Оқушылар бұл іс- шарада көрнекті өкілдердің дәйексөздерін, қазақтың қанатты сөздерін қолданып, қазіргі өзекті мәселелерге тоқтап, пікірсайысты жандандырды. Сондай- ақ «Үштілділік- жастар болашағы» тақырыбындағы пікірсайысты 9- сыныптар арасында орыс тілінде орыс тілі пәні мұғалімі Байгузиева А.Т. өткізді.
Сол күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Аяпбеков М.Б. 5-11 сынып оқушылары арасында, яғни «Мың бала» жобасының қатысушылары арасында, тоғызқұмалақ ойынын ойнатып, жеңімпаздар анықталды.
Өстім мен саясында қанатыңның» атты әдеби-сазды кеш 7- сыныптар арасында өткізілді. Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тұрабекова Д.Д. Оқушылар ана тілі, қазақ тілі туралы өлеңдер оқып, «Кім білгір?» атты ойынына белсенді қатысты.
Айлық аясында Абайдың 170 жылдығына орай көптеген мұғалімдер өз іс- шараларын ұйымдастырып, өткізді. Мәселен, 14.09 «Абайдың сөзі- қазақтың бойтұмары» атты сыныптан тыс іс- шараны 8- сынып жетекшісі Асанова Л.С. жүргізді, 21.09 «Жүрегімнің түбінен терең бойла» атты мерекелік кешті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Силам Б. 8- сынып оқушыларының арасында өткізсе, 23.09 «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу сайысын 8- сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жаңабек Д.Ә. жалғастырды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар таратылды.
«Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқуларына кеңірек тоқталып кетсек:
Іс-шараның мақсаты: Ақынның патриоттық өлеңдері арқылы болашақ ұрпақты елжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу. «Мың бала» жобасының «Сөз зергері» бағыты бойынша жұмыс істейтін оқушылардың мәнерлеп оқуын бақылау.Әділ қазылар алқасы:1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есетова Орынша Файзоллақызы 2.Мектебіміздің «Мың бала» жобасының жетекшісі: Тамабаева Жанна Болысбекқызы 3. Мектеп бойынша тілге жауапты маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрышева Алия Қадырбайқызы.«Абай оқулары» байқауына 17 оқушы қатысты. Оқушылар ақынның түрлі тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Ақынның философиялық ой толғаныстары өте терең болған. Оқушылар ақынның 170 жылдығына арнап, өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп, үлкен тебіреніспен оқыды. Образға түсіп, эмоцияға берілген оқушылар да болды. Байқау нәтижесінде оқушылар төмендегідей орындарға ие болды. I орын - 8 «Б» сынып оқушысы Алдияр Баян. II орын - 8 «Ә» сынып оқушысы Сапар Сержан. 8 «А» сынып оқушысы Акимова Айжан. III орын - 8 «Ә» сынып оқушысы Қонысбай Абылай.8 «А» сынып оқушысы Маккаби Фариза. 8 «Б» сынып оқушысы Рзағали Дильназ
Бастауыш сынып мұғалімдері «Тілім менің- тірлігімнің айғағы»мәнерлеп оқу сайысын 4- сыныптар арасында Исаханова А.А., Жакишева С.К. (17.09), «Ана тілім- айбыным» тәрбие сағатын 4- сыныптар үшін Бекназарова К.С., Досболова М.Б. (23.09) өткізді.
Өте қызық әрі мағыналы өткен іс- шараларды атап өтетеін болсақ, олар:
- мәртебесі- ел мәртебесі» атты ұлт-ұлыстар байқауын орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиетін жүргізетін мұғалім Сыздықова Б.А. (15.09) жүргізді. Бұл іс- шараға орыс сыныбында оқитын түрлі ұлт өкілі қатысты.
- (18.09) . Оқушылар конференцияда өз ойларын ортаға салып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген саясаты арқасында әрбір ұлт өкіліне құрметін көрсете білді.
- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрышева Ә.Қ.
Бұл кештің негізгі идеясы еліміздің үштілділігі болды. Оқушылар үш тілде өлең оқып, ән айтып, жұртшылықтың көңілінен шықты. Сонымен қатар бұл кешке қазақша, ағылшынша, орысша ән айтып, өз үлесін қосқан тарих пәні мұғалімі Азубаев Р.Т. –тың орны ерекше. Соңында көрермендер үшін «Үш тілді жетік білесің бе?» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, өз мәресіне жетті.
Мемлекеттік тілге жауапты маман: Ә.Қ.Нұрышева