Меню KDT

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы өтті. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 

 


СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы өтті.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

                       Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

                       Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

                       Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар міне біздің киелі шаңырағымыз, аяулы мектебімізде алғашқы қоңырау екінші рет соғылғалы отыр. Ендеше, «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын!

Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

                       Құтты болсын алғашқы қадамдары!

Құтты болсын басталған оқу жылы,

                       Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Сол бүлдіршіндер үшін құрмет көрсетіп қоялық. Бұл бүлдіршіндер білім ордасында мемлекеттік рәміздердің салтанатты шеруін алғаш рет көргелі отыр. (музыка ойналады)

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені.

 

.....   Мектеп, тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін! 

Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: /келген қонақтармен таныстырады/.

Абзал жан, биік тұлға байсалды,

                      Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

                      Бүгінгі салтанатты шақта бір

                      Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, – дей келе, құттықтау сөз экономика ғылымдарының магистрі,  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері,  мектеп директоры  Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызына  беріледі.

Ардақты асыл мекен мектебіме,

                      Аяулы асыл жандар көп келеді.

                      Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

                   Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.
  Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонағы мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Көптілеуова Бағым Аубакировнаға беріледі

 Алғаш келген бүлдіршін,

                      Құтты да болсын қадамың!

                      Төбеңде бейбіт күн күлсін!

          Төмендемесін талабың!

Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі.                 / оқушылар өлең оқиды/

  1.       Келдік алғаш мектепке,

Білмейтін едік әріп те,

Оқып, бізді үйретер,

Ғылым анасы – Әліппе!

2  .Мен бақытты баламын

Біліп өсіп толамын

Тәртіпті болып әрқашан

Жақсы оқушы боламын

  1. Мектеп – қамқор анамыз,

     Оқып, білім аламыз.

    Өнерпаз боп өсетін,

    Біз оқушы боламыз

 

Білім отын жағамын

Қазақстан .Астана. Елбасы

Сөздерді алғаш жазамын

          5.Мен мектепке барамын,

Кілең бестік аламын.

Ата-анамды қуантып,

Шоқ жұлдыздай жанамын.

 

            6.Бақытты балғын баламыз,

Өсті ой мен санамыз.

Әріп танып, сабақ оқып,

Білім нәрін аламыз.

             

 Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, басталған оқу жылы,

Құтты болсын, алғашқы баспалдағы.

 

 Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау!

Алғашқы қоңырауды мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 – ші сынып оқушылары соғады.

 

Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

 

 Сылдырла, сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

(Музыкалық номер  «Ұстазым» әні Ермекова Нұргүл)

 

....  Мектеп,тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!

 

 Ал енді 1-сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлем саяхатына сәт сапар!

/музыка әуенімен 1-сынып оқушылыры кетеді/

 

 Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне арналған « Қазақ халқының ерлік істері» атты алғашқы сабаққа шақырамыз.

 

 Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              


Комментариев нет
Просмотров: 947
Автор: 74mektep
Сайт: www.74.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.09.2015 в 00:00