Қарттарым - асыл қазынам
1 қазан күні № 55 орта мектепте "Қарттарым - асыл қазынам" атты «Қарттар күні» мерекесі тойланды. Бұл мереке дүниежүзілік деңгейдегі мейрам саналғалы оны атап өту дәстүрге айналды. Шаштарын ақселеу шалған, шынайы шежіре іспетті аға ұрпақ өкілдерінің мейрамында мектеп директоры Жанат Талғатқызы ардагерлермен кездесіп арнайы сый сияпат ретіндегі шағын сыйлықтарын тарту етті. Үлкендер тілегін білдіре отырып, жылы ілтипатын білдірді. Өткен мен болашақтың алтын көпірі іспетті ата-әжелеріміз кездесу барысында өз тарихи шежірелерінен сыр шертіп берді. Ақылы дария үлкендерімізге құрмет – ұрпақтар сабақтастығының белгісі ғана емес, тәрбиенің де қайнар көзі болып қала бермек.