Меню KDT

"Ұстаз - ұлы тұлға" ұстаздар мерекесі

Мереке қарсаңында  мектеп оқушылары ұстаздарға "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік іс - шара  ұйымдастырды. Ұстаздарды құттықтауға былтырғы бітіріп кетккен түлектер де ақ тілектерін білдірді. "Нағыз қазақтар" КВН командасы өз қоржынындағы әзілдермен бір қуантты. Бұл күні "Ұстазым", "Мектебім" сынды әндер орындалып ұстаз жүрегінен орын таба білді. Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз


Комментариев нет
Просмотров: 359
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 03.10.2015 в 00:56