
Қарттар күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
“Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік”-, деп елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде «Төріңнен қарт кетпесін» тақырыбында ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақ жаулықты аналарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекеге Астана қаласы Сарыарқа ауданының қарт ардагерлері, зейнеттік демалысқа шыққан ардагер ұстаздар шақырылды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Жамалова Назира Молдахметқызы, тыл ардагері Болат ағай, мектеп директоры Алма Қайрболатқызы қарттарды мерекелерімен құттықтады.



Мектеп оқушылары ән- биден, жырдан шашу шашты. Қарттарға сый-сияпат табыс етіліп, мерекелік дастархан жайылды.



Барлық сыныптарда «Қарттарым - асыл қазынам»тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Комментариев нет
Просмотров: 675