Меню KDT

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

     Астана қаласы  №59 мектеп-лицейінің  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім беру бағыты «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалына қарасты «Ұлттық  медициналық холдинг»  АҚ жанындағы филиал  медицина қызметкерлері үшін «Отбасы-қоғам тірегі»  атты семинар-тренинг өткізді. 


         Астана қаласы  №59 мектеп-лицейінің  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім беру бағыты «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалына қарасты «Ұлттық  медициналық холдинг»  АҚ жанындағы филиал  медицина қызметкерлері үшін «Отбасы-қоғам тірегі»  атты семинар-тренинг өткізді.  Іс-шара  №59 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру ісі жөніндегі директордың орынбасары  С. К. Қабажаева,  психологтары Б.А.Әбіш, С.А. Күнжолдың  қатысуымен өткізілді.
         Аталмыш шараны филиал төрағасының бірінші орынбасары орынбасары М.Өтебаева ашып, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты делінген. Ұрпақтар  сабақтастығы, жасы үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, өзара қолдау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық дәл отбасында қалыптасады,-деп атап өтті.
         Іс-шара барысында қазақтың ұлттық құндылықтары да дәріптелді. Ата-ананың үйдегі орны, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жан-жақты айтылып, қызу талқыланды.
  


Комментариев нет
Просмотров: 265
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.09.2015 в 00:00