Меню KDT

«Ұстаз-ілім шамшырағы»

3 қазан күні  мектебімізде ұстаздар күніне орай 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз-ілім шамшырағы» тақырыбында мерекелік іс шара өтті.Алғаш сөз кезегін алған мектеп басшысы Ахмет Базыл Әлдешұлы мұғалімдер ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап,осы салада жемісті еңбек еткен ұстаздарға алғыс білдіріп,Мақтау қағазын тапсырды.Бұдан кейін оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына ыстық лебіздерін айтып,әннен шашу шашты.Көрермендер «Үнді» биін билеген бишілердің өнеріне тәнті боды.Сөз кезегін алған мектеп бітіріп кеткен түлектер білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының еңбегінің қиындығын еске ала отырып еңбектеріне сәттілік тіледі.Бұл іс шарада ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмады.Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымы мүшелері ардагер ұстаздарға өздерінің сый-сияпаттарын жасап,ыстық лебіздерін әнмен жеткізді.Мерекелік іс шара соңында ұстаздар мен оқушылар «Ұстазым» әнін шырқады.

Комментариев нет
Просмотров: 409
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 03.10.2015 в 00:00