«Қарттарым – асыл қазынам»
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осы орайда, мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымы мектеп аймағына қарасты қарттар тізімін аймақтың Қазақ поштасынан алып, осы күні қарттарды құттықтау шарасын өткізді. Арнайы құттықтау үшін бір топ «Жас ұлан» мүшелері тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар М.У.Кошкунбаева мен мектеп тәлімгері Р.Т.Баймағанбетовтің ұйымдастыруымен топ құрап, құттықтау шарасын өткізді.
Сол сияқты дәл осы күні мектепішілік шаралар қатар жүріп жатты. 9-сыныптардың ұйымдастыруымен сынып кабинетінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты қариялармен кездесу шарасы өткізілді. Оған 9 «а», «ә», «б» сыныптардан бірнеше әжелер келіп, оқушылардың дайындаған өнерлерін тамашалап, ыстық лебіздеріне бөленді. Мектеп басшысы Ахмет Б.Ә. қарияларға жақсы тілектерін айтса, әжелеріміз немерелерін тәрбиелеп отырған мектеп ұжымы мен мектеп басшысына өз алғыстарын жеткізді. Кездесу балалар үшін ерекше әсер қалдырды.