
Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ұрпаққа айтар ақылы,көрсетер өнегесі бар,аналық,әкелік сезімнің,дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері,мектептің жүрегі ұстаздар.
2015жылдың 3-қазанында «Жас ұлан » өзін-өзі басқару ұйымынын басшылығымен мектебімізде ұстаздардың төл мерекесін атап өту салтанаты болып өтті. Аталған іс-шараға 11 сынып түлектерімен мен «Жас ұлан » өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері ҰСТАЗДАРЫН гүл шоқтарымен қарсы алыды, соңы концертік бағдарламамен ұштасты.
- Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
- Ұстаз деген – анасы ол адамның.
- Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
- Сен де одан адам болып жаралдың
Комментариев нет
Просмотров: 427