
1 қазан қарттар күні
1 қазан мектебімізде қарттар күніне және мұғалімдер мерекесіне орай «Мұғалім- мәңгілік нұрдың айнасы» атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша арамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан аса ардақты да аяулы ардагер ұстаздарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп,тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. 1 қазан мектебімізде қарттар күніне және мұғалімдер мерекесіне орай «Мұғалім - мәңгілік нұрдың айнасы» атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
Комментариев нет
Просмотров: 349