Меню KDT

Өндірістік тәжірибеден хабарлаймыз

Туризм саласындағы жұмыс әлемдегі ең қызықты мамандықтардың бірі. Себебі бұл мамандық мансап құруға, көптеген тілдерді меңгеруге, саяхаттауға, өзін – өзі жетілдіруге, көптеген қызықты адамдармен қарым – қатынас жасауға мүмкіндік береді.

«Туризм» мамандығының 3 ТРА-213 тобының студенттері 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 17 қазан аралығында өндірістік тәжірибе өтуде. Өндіріс орындары:«Акмола турист» АҚ,  «Тан Тур» ЖШС,   «Дружба» ЖК,  «Меридиан Астана» ЖШС,  «Атамекен Қазақстан картасы  этномемориалдық кешені»,«Умбрелла трэвел» ЖШС, «Саяхат Алеми» ЖШС, «Aknur Travel» ЖШС, «Cаят» фирмасы,  «СоМал тур» ЖШС. Тәжірибе жетекшісі өндірістік оқыту шебері Г.Жумабаева. Өндіріс орнында әр студентке тәлімгер тағайындалған. Олар студенттерді туристік жұмыстың қыр- сырларын, клиенттермен жұмыс жасауды, олармен қалай жұмыс жасауды тәжірибе жүзінде үйретеді. Студенттер клиенттермен телефон арқылы сөйлесу мәнерлерін де меңгеруде. Теорияда және  өндірістік   тәжірибеде алған білімдерін кейін жұмысқа орналасқанда қолдана алады.

Теги:  div » img,

Комментариев нет
Просмотров: 321
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.10.2015 в 00:00