Меню KDT

Ұстаз – мектеп жүрегі.....

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, дәл осы сөздің ұғымы қазан айының 3-і күні №66 мектеп-лицейінің


Ұстаз – мектеп жүрегі.....
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, дәл осы сөздің ұғымы қазан айының 3-і күні №66 мектеп-лицейінің Акт залында айқара мағынасын ашты десек болады. Мектеп шәкірттері ұстаздар қауымына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.  Концерт барысында оқушыларымыз өздерінің ән-шашу,  әсем әуен мен түрлі өнерлерін көрсетіп бүгінгі күнді мерекелік кешке алмастырды.

          Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермуханқызы сөз сөйлеп, білім жодасында шәкірттері талай биік белестерге қол жеткізген, 2015 жылғы ҰБТ –да жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапаттады.   Соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен келесі пән мұғалімдері  Оразалина К.К., Касимов А.Х., Темиргалиева М.М., Әскербек А., Хасенова Т.К., Жилхайдарова Р.А., Рахат К., Дауленбаева Т.Ш., Тлепалдина Г., Азатова А.Ж.  Сонымен қатар Білім басқармасының Мақтау қағазымен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Толеубаева С.Ж., Тоқпатаева А.Д. марапатталды.

          Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

          Ұстаз деген – анасы ол адамның.

          Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

          Сен де одан адам болып жаралдың.

          Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

          Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

          Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

          Қасиетті бас иелік мәңгілік!,-деп мектеп шәкірттері өздерінің гүл шоқтарын ұсынып, ұстаздар қауымына естен кетпес мәңгі әсер қалдырды.


Комментариев нет
Просмотров: 696
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 07.10.2015 в 00:00