
«Мейірімділік-М» қайырымдылық қоры тарапынан арнайы қайырымдылық концерті ұйымдастырылды
2015 жылдың 9 қазан күні Республикамызда «Мүмкіндігі шектеулі жандарға» көмек көрсету күні болып саналады. Осы күнге орай №49 орта мектеп әкімшілігі мен «Мейірімділік-М» қайырымдылық қоры тарапынан арнайы қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Аталған іс- шараға қаламыздың №26, №23, №21, №34, №49 мектептері қатысты. Іс-шара аясында «Мейірімділік-М» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік көрсетіп сыйлықтар берумен қатар, мектебіміздің жас әншілері және қалалық колледждердің жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара соңында мектеп директоры Д.М.Джумартова ат салысқан барлық мектептерге алғыс білдіріп, «-Мейірімділік-М» қайырымдылық қоры директоры А.Ө.Сеилова қаламыздың №26, №23, №21, №34, №49 мектеп оқушыларына сыйлықтарын тарту етті.