
«Ал, қанекей-Әжелер» атты, әжелер арасында сайыс өтті.
Кешенімізде «Ал, қанекей-Әжелер» атты, әжелер арасында сайыс өтті.
Сайысымызға «Бөбек», «Кораблик», «Аққу», «Ақбота», «Шағала» топтар тәрбиеленушілерінің әжелері және үлкен әжелері қатысты.
Әжелеріміз үлкен жастарына қарамастан би билеп,әндетіп,қол өнерлерін, салт-дәстүрді және ұлттық тағамды да көрсетіп айтып өтті.
Эмма әжейіміз ұлты орыс болса да, қазақ тілін өз ана -тіліндей меңгергенін,
қазақтың салт-дәстүрін айтып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді. Сайысымызға қатысқан әжелер номинациялар бойынша марапатталды, және сыйлықтар беріліп, шәй үстінде кешен қызметкерлерімен әңгіме құрып, өз алғыстарын білдірді.








Комментариев нет
Просмотров: 899