Меню KDT

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бағытында өткен жұмыс туралы ақпарат


«Діни экстремизм мен терроризм» бағыты бойынша  қазан  айының 10-14 аралығында  8-11 сынып оқушыларына әлемдегі лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизм және  терроризмнің  қауіпті  жағдайы туралы,  теріс пиғылды діни ағымның жетегінде кетіп қалмауына,  террористік тұрғыдан жүргізілетін теріс түсініктердің алдын-алу мақсатында профилактикалық жұмыс түрінде ұсынылған деректі бейнефильм көрсетілді. Оқушыларға жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізу үшін   Астана қаласы Ішкі істер Департаментінің экстремизмге қарсы  күрес бөлімінің жедел уәкілі Лепесбаев Бауыржан Байдаулетұлы шақырылды.  Кездесу барысында Бауыржан Байдаулетұлы Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің  құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде мағлұмат беріп, экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы күрес  жөнінде түсіндіре отырып,  қазіргі кезде орын алып жатқан оқыс оқиғалар жайлы қосымша видеоролик көрсетті.   Оқушылар бүкіл әлемге ортақ бұл індеттің ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін өзекті мәселе болып тұрғандығы жайлы көп мағлұмат алды. Өмір қауіпсіздігі мен еліміздің тыныштығына алаңдаушылық білдірген оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды.



Комментариев нет
Просмотров: 417
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.10.2015 в 00:00