
«Мектеп жағдайында жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» аясында өткізілген іс-шаралар
2015 жылғы 14 – қазанда №52 мектеп-гимназиясының сынып жетекшілерімен «Мектеп жағдайында
2015 жылғы 14 – қазанда №52 мектеп-гимназиясының сынып жетекшілерімен «Мектеп жағдайында жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында психологиялық оқыту сабағы өткізілді.
Алдымен мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С. Аппазова іс-шараны аша отырып, оның мақсатымен, маңыздылығын түсіндірді. Әрбір сынып жетекшінің оқушы жанына үңілу арқылы оның жай-күйін түсіну үлкен жүрекпен, аса мейірімділікпен атқарылатын жұмыс екенін айтып өтті.
Әрі қарай мектеп психологі Беркімбаева Ұ.Қ. тақырыпқа байланысты жасалған слайд бойынша сынып жетекшілерді оқыту жұмыстарын жүргізді. Суицид жайлы статистикамен таныстыра отырып,суицид сөзінің ата-ананы да, педагогтарды да қорқытып біткенін, бірақ өмірде өзі жеткіншектер суициді туралы және оны болдырмау жолдары туралы әлі де айта түсуді, оны өзекендіруді қажет ететінін атап көрсетті.
![]() |
Жеткіншектерді суицидке итермелейтін мектеп жағдайында жиі ұшырасатын құбылыстар,Жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау себептері,Жеткіншектің суицидке баруының психологиялық мәні,ескертуші белгілерді байқау ,қауіп-қатер тобындағы балаларға көмек көрсетудегі мұғалімнің рөлі,«Сұрақтарды қалай қоюға болады?», өз-өзіне қол жұмсау туралы сұрақты қалай қоюға болмайды?,- деген тақырыптарда мұғалімдермен әңгіме жүргізді.
5-11 сынып оқушыларына қиын жағдайда 54-76-03, тәулік бойы, тегін, анонимдік түрде жұмыс істейтін осы номерді теріп көмек ала алатынын және қала бойынша жұмыс жасайтын әр түрлі сенім телефондарын күнделіктеріне жазып алуын қадағалауды ескертті. Психолог «Оның өзіне-өзі қол салғаны ауыр, жан жарақатын салған өзін өлтірген әр адамның артында орта есеппен 6 адам қалады» дей отырып әрбір бала тәрбиесіне барынша сақ болып, оларға үнемі назар аударып отыруымыз керек. Жиі сөйлесіп, пікірлесіп,достық, мейірімділік, адамгершілік туралы әңгімелер айтуымыз керек ,-деп қорытынды жасады.