
Адамгершілік - асыл қасиет
«Адамгершілік – асыл қасиет» деген тақырыпта тренинг өтті.
Қазан айының 15-күні мектебіміздің дәріс залында «Адамгершілік – асыл қасиет» деген тақырыпта тренинг өтті. Шараға 7-сынып оқушылары және пән мұғалімдері қатысты. Жақсылық пен жанашырлыққа, ізгілік пен татулыққа шақырған тренинг барысында оқушылар өте белсенді болып, түрлі жағдаяттық сұрақтар мен психологиялық тестке жауап берді. Даналық ойдан дән іздеген данышпандардың адамгершілік туралы маржан сөздерін, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді бірінен соң бірі айтты. Нәтежиесінде шәкірттеріміз адам бойындағы асыл қасиеттердің көп болу керектігін түсінді деген сенімдеміз.

Ұйымдастырушы педагог: Сағидолда Қ.
Теги:
Адамгершілік,
Комментариев нет
Просмотров: 558