
Бастауыш сыныптардың оқушыларын кітапханаға саяхатқа шақыру
Жаңа оқу жылы басталды. Кітапханаға белсенді түрде қатынайтын кез келді. Бастауыш сыныптардың оқушыларын кітапханаға саяхатқа шақыру дәстүрге айналды.« 19 орта мектеп» ММ бастауыш сыныптардың онкүндігі шеңберінде 8- 15 қазан аралығында кітапханамызда1-4 сыныптарда кітапханалық сабақтар өткізілдіКітапханашы Ибраева Сауле Қажығалиқызы 1А,Ә-сынып оқушыларын «Кітапханамен танысу» атты кітапханаға саяхатқа шақырды.
Жаңа оқу жылы басталды. Кітапханаға белсенді түрде қатынайтын кез келді. Бастауыш сыныптардың оқушыларын кітапханаға саяхатқа шақыру дәстүрге айналды.« 19 орта мектеп» ММ бастауыш сыныптардың онкүндігі шеңберінде 8- 15 қазан аралығында кітапханамызда1-4 сыныптарда кітапханалық сабақтар өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру, зейінін шоғырландыру,оқулықты құрметтей білуге,ұқыптылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Кітапханашы Ибраева Сауле Қажығалиқызы 1А,Ә-сынып оқушыларын «Кітапханамен танысу» атты кітапханаға саяхатқа шақырды. Кітапханашылар ойын түрінде балаларға кітапхананың бөлімдерін, пайдалану ережелерін кітаптарды қалай ұстау қажеттігін түсіндіре отырып таныстырды. Оқушыларды ертегілер еліне, «Ай Ару» мультимедиялық құралымен елдерге саяхат жасап, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтары артып, кітапханаға жазыла бастады.
2 А,Ә сынып оқушыларына «Кітап біздің досымыз»,3 А,Ә «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» 4 А,Ә сыныптары «Білім көзі кітапта» тықырыбына кітапханалық сабақ өткізілді