Меню KDT

Қызылша (лат. Morbilli) — бұл өте жұқпалы ауру

әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында


Қызылша (лат. Morbilli) — бұл өте жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашы-раңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. мұндайда дәрігерлік көмек кереқ

Емдеу жолдары[]

  1. Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
  2. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
  3. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.
  4. Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
  5. Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
  6. Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.

Алдын алу

Қызылшаменауырғанбаланыбасқабалаларданбөлекұстағанжөн. Әсіресе, тамаққажарымауданболатынауруменауыратын, туберкулезбеннемесебойғасіңіпкеткенбасқадайауруменауыратынбалалардысақтандырукерек. Қызылшаменауырыпжатқанбаласыбарұйгебасқаүйдіңбалаларыныңкелуінеболмайды. Қызылшаауруыбарүйдіңбалалары, егероларбұлауруменауырмағанжағдайдамектепке, дүкенгенемесебасқадақоғамдықорындарға 10 күнгедейінбаруынаболмайды. Жасбалаларорганизмініңқызылшаауруынақарсытұрып, шетінемеуіүшінолардыңжетіліп, еталуықажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.[1][

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛША (КОРЬ) жұқпасынақарсыатқарылыпжатқаншаралар

 

Қызылшажұқпасыныңадамағзасынакелтіретінзардабыорасан, сондықтанда, қызылшажұқпасыныңбелгілерін, тұрғындарғажеткізіпотырмыз...Қызылша — жеделжұқпалыауру. Негізгібелгілері: қызуыкөтеріліп, қызылшағатәнтерідебөртпелерпайдаболып, көзіқызарып, тынысағзаларызақымданады.

 

Этиология. Қызылшанытудырушывирускөлемі 120-250 нм (polinosa morbillarum). Вирусқыздырғанда, күнсәулесінен, залалсыздандыратынхимиялыққоспаларданөліпқалады.

Эпидемиология. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңінің 2-ші күнінен денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауа-дан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.

Қызылшаның белгілері, өрбуі. Жасырын кезеңі 9-11 күн, егер иммуноглобулин алған болса, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады, мұндай белгіні Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері дейді. Сыртқы түріне қарағанда бұл бөртпелер «манна» түйіршігіне ұқсайды. Теріде қызылшаның бөртпелері пайда болғанда Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері кетіп қалады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Бөртпелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күннен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қабыршықтар қалады (ұнның ұрпағындай). Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.

Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.

Диагноз: аурудың өрбу кезінде анықтау қиындық туғызбайды. Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы, тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды. Кейін теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді. Басқа ұқсас аурулардан ажырату үшін, зертханада РСК, РТГА талдауларын жасайды.

Емдеу. Жұқпаның жеңіл түрінде, үй жағдайы қанағаттанарлық болғанда, яғни кішкентай нәресте, балалардың болмауы, жатақхана т.б. Науқастар үйде емделеді, ешкімге жұқпау үшін, жұғу кезеңінде төсекте жатады. Көзіне күн жарығы түспейтіндей жағдай керек, тамағын шайқап, көзін тазалап, 2% сульфаций натрий сұйығын көзге 3-4 рет тамызады. Науқасқа мол құнарлы сұйықтар беріледі. Шағымына байланысты жазылғанша дәрігер бақылауы қажет.

Қызылша ауруының алдын алу — уақытылы егу жұмыстарын жүр-гізу, үйде қызылшамен ауырған науқас болғанда қарым-қатынасты шектеу.

 


Комментариев нет
Просмотров: 702
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 07.09.2015 в 00:00