
«Қазыналы Оңтүстік» атты кітаптар сериясының тұсаукесері
«Қазыналы Оңтүстік» атты кітаптар сериясының тұсаукесері
2015 жылы 14 қазанда Астана Ұлттық кітапханасында «Қазналы Оңтүстік» атты кітаптар сериясының тұсаукесері болып өтті. Бұл іс- шараға №59 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Енсегенова Гүлжан Мырзағанқызы және 8 «В», 8 «Г» оқушылары қатысып, үлкен қуанышқа бөленіп қайтты.
Елбасының рұқсатымен 2013 жылы археологиялық рухани құндылықтарды зерттеу үшін «Қазыналық Оңтүстік» атты экспидициялық топ құрылған болатын. Бұл топтың мақсаты елдің әдеби, тарихи, өнер мұраларын жинақтау еді. Экспидициялық топ мүшелерінің ішінде рухани құндылықтарды жинауға ат салысқан филология ғылымының докторы Макентас Мырзахметұлы болды. Елім деп жүрегі тебіріне соққан, ел жанашыры Макентас Мырзахметұлының «Тайная руссификация казахов» атты кітабы да жарық көрді .
Экспидиция мүшелерінің еңбегінің арқасында 300-ден астам ата-бабаларымыздың рухани қол -жазбалары табылған екен. Солардың ішінде «Қыз Жібектің» 6 -шы нұсқасы, «Қобыланды батыр» «Алпамыс батыр» жырларының жаңа нұсқалары «Мұңлық –Зарлық» шығармасының жаңа нұсқасы және де Төле би, Айтеке би, Қазбек би шежірелері ,айтыс өнерінің бірнеше түрлері табылған. Осы уақытқа дейін тарихта аты аталмаған ақын-жазушыларымыздың қолжазбалары табылып, осы тұсаукесерде есімдері аталып өтті.
Бұл қазақ халқы үшін тағы да бір тамаша жаңалық . Жоғалғанымыз табылып жатса, өшкеніміз жанып жатса, халқымыздың жауhаздары жарыққа шықса, нұр үстіне нұр емес пе?
Тұсаукесердің соңында Мекентай ағамыз бастаған эспедиялық топқа алғысымызды айтып , жұмыстарының алға баса беруіне тілек білдірдік.