
анықтама
2015 жылдың қазанның 2-де № 24 орта мектептің спорт залында мұғалімдер мерекесіне орай көңілді жарыс- эстафета ұйымдастырылды. Көңілді эстафетаға мұғалімдерден құрылған 3 топ қатысты. Олар:
- «Болашақ». Жетекшісі – Социалов М.
- «Ұлағат». Жетекшісі – Жукубаев М.М.
- «Қазақстан». Жетекшісі – Каресов А.Е.
Әділ- қазылар мүшелігінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурушева А.К., «1000 бала» үйірмесінің жетекшісі Тамабаева Ж.Б., дене шынықтыру пәні мұғалімі Аяпбеков М.Б.
Эстафета басталмас бұрын мектеп директоры Сүндетов Ғ.Н. ұстаздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 5 «А» сынып оқушылары ән шашу ретінде «Ұстазым әнің шырқады. 9 «А» сынып оқушылары «Попурри» тақырыбында би биледі, 11 «А» сынып оқушылары Колдасов Е., Тилеубек Ж. әндерін сыйға тартты. Эстафета 6 кезеңнен тұрды және тартысты өтті. 10- 11 сынып оқушылары жанкүйерлер тобынан көрінді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |