Меню KDT

Информация о семинаре для кл рук

«Мектеп жағдайындағы кәмелетке толмағандар арасында
аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу» тақырыбында өткізілген
семинар туралы ақпарат


«Мектеп жағдайындағы кәмелетке толмағандар арасында
аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу» тақырыбында өткізілген
семинар туралы ақпарат


2015 жылы қазанның 14-де №24 орта мектептің мәжіліс залында сынып жетекшілері үшін «Мектеп жағдайындағы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу» тақырыбында  оқыту семинары өтті.  Семинарды мектеп психологтары Тапенова А.А., Сундетов А.К. жүргізді. Оқыту семинары барысында психологтар сынып жетекшілерді  жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау себептері мен ерекшеліктері туралы ақпаратпен таныстырды.  Психологтар суицидтік тәуекелге барудың белгілеріне  ерекше назар аударды.  Семинар соңында қауіп- қатер тобындағы балаларға қалай көмек көрсету керек, олармен қалай әңгіме жүргізу керек екендігі түсіндірілді.  Сынып жетекшілеріне оқушыларды және ата- аналарды қолданыстағы сенім телефондарымен  хабардар ету мақсатында күнделіктеріне жаднама жапсыру тапсырмасы берілді.



Комментариев нет
Просмотров: 334
Автор: 24mektep
Сайт: www.24.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.10.2015 в 19:18